Қазақстан командасы Варшавада (Польша) өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогі кезеңіне қатысты.

Жекелей сында қазақстандық спортшылар Илья Мокрецов 71-ші, Дамир Ибрагимов 110-шы, Төлеби Қалдыбекұлы 129-шы, Назарбай Саттархан 132-ші, Бағдаәулет Құралбекұлы 18-ші орындардан көрінді.

Аталған додаға барлығы 203 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы командалық сайыста Канада спортшыларымен кездесіп, 41:45 есебімен ұтылып қалды.