Ресейдің Рошаль қаласында өткен Krestov Brod турнирінің басты жекпе-жегінде Виктор Кичигин жергілікті спортшы Руслан Яманбаевтан жеңіліс тапты.

Үш раундқа созылған жекпе-жектің нәтижесінде Виктор Кичигин қарсыласынан төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтылды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы мансабында 6шы жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Бұған дейін Виктор Кичигин алты кездесуінде қатарынан қарсыласын ұтқан болатын.