Ең жеңіл салмақта M-1 Global чемпионы Асу Алмабаев әскери джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында топ жарды.

Шымкентте өткен байрақты бәсекеде Асу Алмабаев 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, ел чемпионы атанды.

Айта кетерлігі Қазақстан біріншілігінде үздік шыққан спортшы әлем және Азия чемпионатына жолдама алады. Жақында Асу Алмабаевты M-1 Global компаниясы «Жыл жаңалығы» номинациясында жеңімпаз таныған болатын.