Өткен маусыда жалға берілген «Атырау» футбол клубының ойыншысы Ерасыл Аманжол мұнайшылар командасына оралды.

Ерасыл өткен маусымда петропавлдық «Қызыл-Жар» футбол клубында 28 кездесуге қатысып, 2 гол соққан. Одан бөлек футболдағы мансабында ол ақтаулық «Каспий» командасында да ойнаған.