33 жастағы украиналық қорғаушы Сергей Басов «Атырау» футбол клубының жаңа ойыншысы атанды. Сергей Басов футболдағы мансабында «Титан», «Звезда», «Буковина», «Александрия» командаларында өнер көрсеткен. Соңғы екі маусымда оралдық «Ақжайық» футбол клубында ойнаған. Қазақстан бірінші лигасында 59 матчта, 6 гол соққан.