«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Зоран Тошич Қазақстаннан ұсыныс түскенін растады.

«Қайраттан» және Қытайдан ұсыныс түсті, бірақ әлі шешім қабылдаған жоқ. Айдың соңын күтейік, - деп келтіреді Зоран Тошичтің сөзін Mondo басылымы.

Айта кетейік, Зоран Тошич мансабында «Манчестер Юнайтед», ЦСКА, «Партизан» және «Кельн» секілді командаларда ойнаған. Соңғы маусымды «Партизанның» сапында өткізді.