«Манчестер Юнайтедте» ойнаған футболшы Қазақстаннан ұсыныс түскенін айтты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Зоран Тошич Қазақстаннан ұсыныс түскенін растады.
«Қайраттан» және Қытайдан ұсыныс түсті, бірақ әлі шешім қабылдаған жоқ. Айдың соңын күтейік, - деп келтіреді Зоран Тошичтің сөзін Mondo басылымы.
Айта кетейік, Зоран Тошич мансабында «Манчестер Юнайтед», ЦСКА, «Партизан» және «Кельн» секілді командаларда ойнаған. Соңғы маусымды «Партизанның» сапында өткізді.