Үндістанның Нью-Дели қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Бүгін кілемге шыққан тағы бір балуанымыз Евгений Поливадов бесінші орынды қанағат тұтты.

82 келіде күрескен Евгений қола медаль үшін өткен белдесуде өзбекстандық қарсыласына 2:8 есебімен жол берді.

Бүгін қола медаль үшін күрескен Айдос Сұлтанғали да бесінші орынға табан тіреген болатын.

72 келідегі Ибрагим Магомадов турнирдің күміс жүлдегері атанды.