Үндістанның Нью-Дели қаласында күрес түрлерінен екінші жарыс күнінің финалдық бәсекелері өтуде.

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Айдос Сұлтанғали қола жүлдеден қағылды. Кіші финалда ол ирандық Мехди Сайфолла Нежадтен 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде қазақстандық балуан Ернұр Фидахметов те қола үшін күресте ұтылған болатын.

Әзірге, Қазақстан қоржынында 1 алтын және 3 қола медаль бар.