16 ақпан күні Түркияның Анталья қаласында спорттық жүрістен Түркия чемпионаты басталады.

Жарыс бағдарламасына сәйкес, атлеттер 3,5,10 және 20 шақырымға жарысады.

Аталған бәсекеге Қазақстан атынан төрт спортшы қатысады. Олар: Галина Якушева, Регина Рыкова, Айман Ратова және Диана Айдосова.

Спортшылардың барлығы 20 шақырымда сынға түседі.