Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Гүлжанат Жанатбек Дубай марафонына қатысып, Токио Олимпиадасының жолдамасына таласады.

24 қаңтар күні өтетін марафон әлемдегі ең қымбат додалардың бірі саналады. Бұл бәсекеде Олимпиада жолдамасына иелік ету үшін әйелдер 42 шақырымды 2:29:30 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өту керек.

Әзірге, Гүлжанат Жанатбектің ең жақсы нәтижесі – 2:33.25.

Марафон осымен 21-ші рет өткізілгелі отыр.