27-28 желтоқсан күндері Қарағандыда жеңіл атлетикадан республикалық ірі турнир өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сайыс жеңіл атлетика бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің манежінде өтті.

Ерлер мен әйелдер 60 м, 60 м кедергілер арқылы жүгіру, 200 м, 400 м, 800 м, 1500 м, 2000 қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіру, 4х200 эстафета, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, үш қарғып секіру, ядро лақтыру, 5 км спорттық жүріс бәсекелері бойынша өзара мықтыны анықтады.