Халықаралық дзюдо федерациясы Парижде өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты.

Аталған жарыста екінші орын алған Жансай Смағұлов 700 ұпай қосып, жеті сатыға жоғарылап, 24-ші орынға жайғасты. Ал қола жүлдегер Елдос Сметов 500 ұпай еншілеп, рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды.

Назарларыңызға қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орнын ұсынамыз (ТОП-50):

60 келі

Елдос Сметов - 2 орын (5868 ұпай) Ғұсман Қырғызбаев - 7 (4345)

66 келі

Ерлан Серікжанов - 10 (3805)Елдос Жұмақанов - 18 (2775)

73 келі

Жансай Смағұлов - 24 (2553)

81 келі

Дидар Хамза - 25 (2186)Руслан Мусаев - 45 (1109)

90 келі

Ислам Бозбаев - 19 (2673)

100 келі

Айбек Серікбаев - 48 (1050)

+100 келі

Ерасыл Қажыбаев - 37 (1423)