Парижде өтіп жатқан "Grand Slam" жарысының қола жүлдегері Елдос Сметов Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылап, пікір білдірді.

"Құрметті Қазақ елі, баршаңыздың қолдауыңызға алғыс айтамын! Бұл - ортақ жеңіс!

Бүгін қоржынымызға қола жүлдені салып, маусымды сәтті бастадық. Өздеріңіз білетіндей, мендегі мақсат - тұрақтылықты сақтап, Олиипиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғау. Басты мақсат - Олимпиада. Осы жолда медаль емес, әлем рейтингінде барынша көп ұпай жинауға тырысамын. Қажырлы еңбектің арқасында Олимп шыңын бірге бағындырамыз деп ойлаймын!", - дейді Елдос Сметов.