2015 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан шахмат федерациясының президенті қызметін Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қорының құрылтайшысы және Алматы марафонының негізін қалаушы Ғалымжан Есенов атқарып келген болатын.

«Соңғы уақытта менің назарымды қажет ететін көптеген әлеуметтік жобалар пайда болды. Соның ішінде 2 спорт федерациясы мен ассоциациялары бар, сондықтан мен әріптестеріме шахмат федерациясының жаңа президентін сайлау туралы ұсыныс жасадым. Біз спортшылардың, жаттықтырушылардың, ұйымдастырушылардың және де менеджерлердің үздік командасын жинадық. Қазіргі таңда Қазақстан шахмат федерациясында барлық бизнес-үрдістер мен стандарттар жолға қойылған. Жаңа басшылықпен федерация алдағы уақытта да тамаша нәтижелер көрсетіп, жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін», - деп Ғалымжан Есенов құрылтай шешіміне түсініктеме берді.