Гибралтарда халықаралық шахмат шеерлері қатысқан Gibraltar International Chess Festival 2020 турнирі 2020 аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық шебер, қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік өкінішке орай, соңғы екі раундта ұпай жинай алмады. 9-раундта ол үнді гроссмейстері Мурали Картикейанға есе жіберсе, 10-шы турда Аргентинадан келген гроссмейстер Алан Пишоттың мықтылығын мойындады.

Қорытынды хаттамада 20 жастағы қазақстандық шахматшы еншісіндегі 5,5 ұпаймен 70-орында тұр. Жарыс нәтижесі бойынша Жансая өз рейтингіне 11 ұпай қосты, қазір ол 2471 ұпайға ие. Бұл көрсеткіш 20 жасқа дейінгі қыздар арасында ең үздік.

Турнирдің жеңімпазы ресейлік Давид Паравян атанды.

Әйелдер арасында қытайлық шахматшы Тан Чжунь 7 ұпай жинап, топ жарды.