Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатында ойнайтын «Аль-Айн» командасына ауысуы жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Аль-Айнның» жейдесін кигеніме қуаныштымын. Клуб эмблемасы үшін күресу керек екенін түсінемін. Клубтың барлық мақсатына жетуі үшін және фанаттарды қуанту үшін бар күшімді саламын.

Бұл клубтың мәртебесі мен құндылығын білемін. «Аль-Айн» әлемге танымал. Бұл – 2018 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Реалға» күш көрсеткен клуб. Сондай-ақ ол БАӘ чемпионатында топ жарып, Азия Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен өз еліндегі алғашқы клуб», - деді Исламхан.

Исламханның трансфері туралы:

Ресми: Бауыржан Исламхан «Аль-Айн» командасына ауысты

Бауыржан Исламхан жаңа командасында нешінші нөмірмен ойнайды?

Исламханның жаңа клубтағы фотосессиясы