Қазақстандық волейболшы Ольга Дробышевская спорттағы мансабын аяқтады.

Мұндай шешім қабылдауына тізесінің жарақаты себеп болды. Ольга Қазақстан құрамасының сапында 2010 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер, 2014 жылы Азия біріншілігінде қола жүлдегер атанған. Ұлттық құрама сапында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан. 2007 жылы клубтар арасындағы Азия біріншілігінде де қола жүлдеге қол жеткізген.