Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Эмиль Райкович оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2021 жылғы Азия Кубогына іріктеу кезеңі алдындағы жаттығу жиыны 15 - 20 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда өтеді.

Ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншалыр:

«Астана»: Рустама Ерғали, Рустам Мырзағалиев, Дмитрий Гаврилов, Максим Марчук, Александр Жигулин, Николай Бажин, Асқар Майдекин, Вадим Щербак, Андрей Литвиненко және Роберт Пан. «Тобыл»: Антон Пономарев, Антон Быков және Шаим Куанов. Соынмен қатар, Роман Марчук («Синегорье»), Владимир Иванов («Барсы Атырау»), Глеб Жуков («Каспий») және Энтони Клеммонс («Монако») шақырту алды.

Бұлардан бөлек, Руслан Айткали («Астана»), Денис Дегтярев пен Михаил Шваб («Тобыл»), Олег Болашов пен Рустем Утеген («Барсы Атырау»), Владимир Курочкин мен Аймұрат Саткеев («Каспий»), Азим Ягодкин мен Темірлан Жүнісов («Ақтөбе») қажет болған жағдайда құрама қатарына шақырылады (резерв).

Еске сала кетейік, біздің құрама 21 және 24 ақпанда Иордания және Палестина ұлттық құрамаларымен кездеседі.