Қазақстандық «Avangar» киберұйымы CS:GO ойыны бойынша өнер көрсететін жаңа ойыншыларының есімдерін жариялады.

Жаңа құрам тек қазақстандық ойыншылардан тұрады. Олар:

Темирлан «TNDKingg» Нурмагамет

Махамбет «howl» Нурлыбекулы

Алан «hidenway» Дюсембаев

Айдос «kade0» Хайржан

Дияр «spellfull» Исаханов

Команданың бапкері украиналық маман Сергей «lmbt» Бежанов .

Естеріңізге салатын болсақ «Avangar» киберұйымының бұрнығы ойыншылары «Virtus Pro» құрамына ауысқан болатын.