Парижде 2020 жылғы маусымның Каратэ-1 Premier League бірінші турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Париж турнирінің финалында 60 келі салмақта алтын каратеги иегері қазақстандық Дархан Асәділов 2018 жылғы маусымның гранд-жеңімпазы Түркиядан келген Эрай Самданмен кездесті. Бұл жекпе-жекте түрік спортшысы сәтімен жеңіске жетті - 5: 4.

Осылайша, Дархан Асәділов жарыстың күміс жүлдегері атанды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы бұл маусымда екінші рет жүлдегер атанды. Қаңтардың басында ол Чили астанасы Сантьяго қаласында өткен А сериясының турнирінің қола жүлдесін жеңіп алған еді.