Гибралтардағы Gibraltar International Chess Festival 2020 халықаралық турнирінің төртінші туры өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық халықаралық дәрежедегі шебер Жансая Әбдімәлік 3-раундта итальяндық гроссмейстер Пьер Луиджи Бассоға қара түсті фигурамен қарсы ойнап, жеңіліске ұшырады. Алайда, келесі айналымда 20 жастағы қазақстандық испаниялық Мирея Репрес Пересті жеңе алды.

Төрт раундтың қорытындысы бойынша Жансая Әбдімәлік мүмкін болған 4 мүмкіндіктен 3 ұпай жинады және жалпы есепте 46 орында тұр. Шеберлер санатындағы ойындарға барлығы 150 спортшы қатысады.

Жансая 5-турда түрік гроссмейстері Мұстафа Йылмазмен ойнайды.