Теннистен Азия және Океания аймағының бірінші тобының Федерация кубогының матчтары Қазақстан астанасында өтетін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Азия мен Мұхит аймағының бірінші тобындағы ойындар Қытайдың Донггуан қаласында 4-8 ақпан аралығында өткізілуі керек еді, алайда Қытайда коронавирустың таралуына байланысты жарыс Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылды.

Жарыс өтетін күндер сол күйінде қалады. Алты әйелдер құрамасы Нұр-Сұлтанда ойнайды: Қытай, Тайбэй, Үндістан, Корея, Индонезия және Өзбекстан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда футбол, бокс, баскетбол және басқа да спорттық жарыстар тоқтатылып, немесе кейінге қалдырылған болатын.

Қазақстандық қос теннисші шетелде өткен турнирде топ жарды