Қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Гөзал Айнитдиноаа шетелде өткен турнирде топ жарды.

Т.Скатов Түркияның Анталия қаласында ITF жарысында бақ сынады.

Финалға дейін төрт қарсыласын тізе бүктірген рейтингте 579-орында тұрған Т.Скатов соңғы бәсекеде сербиялық Милян Зекичпен (554-ракетка) күш сынасты.

Қазақстандық теннисші тартысты матчта қарсыласын 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Рейтингте 503-орындағы Г.Айнитдинова Тунистегі осындай турнирде бес кездесу өткізді.

Финалда Беларусь өкілі Юлия Хатуканы (529-ракетка) 6:2, 6:4 есебімен ұтып, ол да бас жүлдеге ие болды.