Қазақстандық теннисші Гозаль Айнитдинова Монастирде (Тунис) өтіп жатқан Magic Tours турнирінің ақтық сынында бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдағы отандасымыз финлияндиялық Оона Орпананы 6:0, 6:3 есебімен жеңді.

Айнитдинова енді финалда Белорусь спортшысы Юлия Готовкомен кездеседі. Айта кетерлігі, Готовко бірінші айналымда тағы бір қазақстандық теннисші Екатерина Дмитриченконы жеңген болатын.