Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0,13 КО) мексикалық Рикардо Лараға (22-7, 10 КО) қарсы жекпе-жегі титулдық статусынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бастапқыда Батыр өзінің WBA Continental Americaas және IBF Inter-Continental континентальдық чемпиондық белбеуін аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронамен (12-3-1, 4 KO) қарсы жекпе-жекте қорғайды деп жоспарланған болатын, бірақ оңтүстікамерикалық боксшы Канада визасын ала алмаған.

Оның орнына 27 жастағы мексикалық боксшы Рикардо Лара (22-7, 10 КО) жұдырықтасатын болады. Алайда BoxRec порталы аталмыш жекпе-жекте Батыр Жүкембаев өзіне тиесілі белбеулерді қорғамайтынын мәлімдеді.

Жүкембаев - Лара кездесуінің тікелей эфирін «Хабар» телеарнасы жүргізеді, эфир Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8:30-да басталады.