Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбовтің (14-2-1, 12 КО) келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Отандасымыз 13 қаңтарда Висконсин штатында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Әзірге қарсыласының есімі белгілісіз.

Еске сала кетейік, Бахтияр Эюбов 10 қаңтарда өткізген жекпе-жегінде Джарон Эннистен (25-0, 23 КО) техникалық нокаутпен жеңілген болатын.