Қазақстан құрамасының ойыншысы Исламбек Қуат жаңа командасы сапында өткізген жолдастық матчта қарсылас ойыншылармен жаға жыртысып қала жаздады.

«Оренбургтың» болгариялық «Славияға» қарсы өткізген жолдастық матч кезінде Исламбек Қуат жерге құлаған қарсылас ойыншысынан допты теуіп тартып алмақ болып, екі команданың ойыншылары кикілжіңдесіп қалды. Алайда төреші дер кезінде араласып, ойыншыларды ажыратып алды.

Исламбек Қуат алаңға екінші таймда шыққан. Матчтың өзі 2:3 есебімен «Слованның» пайдасына шешілді.