Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан ресейлік «Зениттің» сапындағы алғашқы бейресми матчын өткізді.

Катарда оқу-жаттығу жиынына жиналған «Зенит» жергілікті «Аль-Увайнах» командасына қарсы жолдастық матч өткізді.

Алғашқы таймда ресейлік ұжым 5 жауапсыз гол соқты. Ал Бауыржан Исламхан болса екінші таймда алаңға шығып, екі нәтижелі паспен көзге түсті. Матч 10:0 есебімен аяқталды.