"Барыстың" қорғаушысы Виктор Сведберг команда сапына қайта оралды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарақат салдарынан ол төрт ай бойы матчтарға қатыспады.

Ағымдағы маусымда 28 жастағы швед ҚХЛ тұрақты чемпионатында 5 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

«Барыс» тартысты матчта «Металлургті» жеңді

«Барыс» – «Металлург» матчының үздік сәттері