2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Чемпиондар жүзу сериясының бірінші кезеңінде 200 метрге брасс әдісі бойынша 2: 13,58 секунд нәтижесін көрсетіп, үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңімпаз голландиялық Арно Камминг болды (2: 09.00). Екінші орында неміс Марко Кох (2: 09.81).
Келесі кезең 18-19 қаңтарда Бейжіңде өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше қазақстандық жүзуші 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде де қола жүлдегер атанған еді.
Комментарии