Шэньчжэнде (Қытай) Халықаралық су спорты федерациясы (FINA) аясындағы - Champions Swim Series турнирі екінші маусымының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин 1: 00.55 нәтижесін көрсетіп, 100 метрлік брасс әдісімен жүзуде 1:00.55 нәтижесін көрсетіп үшінші орын алды. Жарыстың жеңімпазы Арно Камминга (Нидерланд) болды, ол қашықтықты 58.61 секундта жүзіп өтті. Күміс жүлдені 59.02 нәтижесін көрсеткен Зибей Ян жеңіп алды.

Айта кетелік, бүгін, 15 қаңтарда, Баландин 200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде бақ сынайды. Дәл осы қашықтыққа жүзуден 2015 жылғы әлем чемпионы Маркус Кох (Германия), Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланд) және 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері америкалық Джон Прено да қатысады.