Бүгін Қытайдың Шэньчжен қаласында Сhampions swim series турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың екінші маусымында қазақстандық Дмитрий Баландин қатысады. Ол 100 және 200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуден өнер көрсетеді.

Еске салайық, турнир екі күнге, 15 қаңтарға дейін жалғасады.