Халықаралық хоккей федерациясы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінің күнтізбесін жариялады.

Қазақстан құрамасы Н тобында Украина, Польша және Нидерланд құрамаларымен ойнайды. Іріктеу ойындары «Барыс-Аренада» 6-9 ақпан күндері өтеді.

Н тобының күнтізбесі:

6 ақпан: 15:00 Польша — Нидерланд ; 19:30 Украина — Қазақстан .

7 ақпан:15:00 Польша — Украина;19:30 Қазақстан — Нидерланд .

9 ақпан:13:00 Нидерланд — Украина;17:00 Қазақстан — Польша.