Таиландта өтіп жатқан волейболдан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде Қазақстан қыздар құрамасы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандастарымыз бүгін Қытайдың Тайбейімен кездескен. Ойын 1:3 есебімен (21:25, 25:22, 21:25, 25:27) Қазақстан құрамасының пайдсына шешілді.

Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы Oлимпиада-2020 іріктеу турнирінде үшінші орын алды.

Айта кетейік, біздің құрама өз тобында екінші орын алып, жартылай финалға жеткен. Бірақ жартылай финалда Таиландтан жеңіліп қалды.