Командалық

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалда Таиландпен кездеседі

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалда Таиландпен кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін волейболдан Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңінде жартылай финалға жолдама алған құрамалар толықтай анықталды.

Жартылай финалда 11 қаңтарда Қазақстан мен Таиланд, Оңтүстік Корея мен Қытайлық Тайбей құрамалары шеберлік байқасады. Ал 12 қаңтарда финал өткізіледі. Жеңімпаз құрама Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алады. Дүбірлі додада әлемнің әр қиырынан келген 12 құрама бақ сынайды.

Қазақстан қыздары 2008 жылы Олимпиада ойындарына қатысып, онда жалпы командалық есепте тоғызыншы орын алған болатын .

Ал Қытайдың Цзянмынь қаласында Токио Олимпидасына іріктеу турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы А тобында Иран, Қытай, Тайвань құрамаларынан жеңіліп, өз тобында төртінші орынды місе тұтты.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер