Алматылық «Қайраттан» кеткен Елдос Ахметов қызылордалық «Қайсардың» сапына ауысты.

29 жастағы қорғаушы жаңа маусымды Қазақстан Кубогының иегерінің жейдесінде бастайды.

Айта кетейік, Елдос Ахметов «Ертіс», «Тараз», «Астана» және «Қайрат» командаларында ойнады.