Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы аргентиналық Пабло Хоакинмен келісімшарт жасасты деп хабарлайды,prosports.kz павлодарлықтардың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

30 жасар футболшы футболдағы мансабын Аргентинада «Плайоса» футбол клубында бастаған. 2008 жылдан бері Еуропада словакиялық «Шпорт», чехиялық «Фастав», азербайжандық «Кешля» командаларында доп тепкен.