Ресейдегі этникалық қазақ, Arlan MMA Pro Team командасының өкілі UFC спортшысы Дамир Исмагулов «Наш боец» Youtube-арнасына берген сұхбатында Нұр-Сұлтанда үлкен UFC турнирі өтуі мүмкін екенін, және Қазақстанда MMA-дың басты жұлдызы кім екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Биылғы жылдың шілде айында Нұр-Сұлтанда UFC Fight Night сериясындағы турнир өтеді деген қауесет бар...

- Иә, Мен бұл туралы естідім, бірақ ешқандай нақтылық жоқ. Бұл керемет болар еді. Бір аптадан кейін мен UFC шақыруы бойынша Нұр-Сұлтанға барамын. Мүмкін, Конор Макгрегордың жекпе-жегінде комментатор болатын шығармын. Біз Қазақстанда MMA қалай тез дамып жатқанын көріп отырмыз. Қазақстан астанасында үлкен турнир өтеді деп үміттенеміз.

- Келесі жекпе-жек туралы ақпарат бар ма?

- Алдын ала ештенке айта алмаймын, себебі қол қойылған келісім-шарт жоқ.

- Конор Макгрегор мен Дональд Серроне айқасында кім жеңеді деп ойлайсыз?

- Серроне көп жекпе-жек өткізіп тұрады. Кейде екі ай ғана демалған кезі болды. Жекпе-жек алдында еленбей жатса да, мықты қарсыластарын бірнеше рет жеңді. Коннорға келетін болсақ, ол шынымен де көп сөйлейді. Сөзі бір басқа ғой, октогондағы өнер қандай болмақ. Альдомен айқастағыдай қатігез, аш қасқырдай арпалысатын Конорды көре аламыз ба? Менің ойымша, жоқ. Бірақ, Макгегордың жеңісіне 60 пайыз сенемін. Қалған қырығы Серронеде болсын.

- 2019 жылы қазақстандық MMA шеберлерінен кімді ерекшелеуге болады?

- Әкімжан Жасұлан жылдың жаңалығы болды деп ойлаймын. Ол қарсыластың жеріне барып, сонда жеңіске жетті. Мен онымен жаттықтым және Әкімжанда жеңіске жету үшін керек жағдайдың бәрі жасалды. Сергей Морозов үнемі алға жылжып келеді. Көбінің сағын сындырып жүр. Шынымды айтсам, белбеуін қорғап қала алатынына сенбедім. Дегенмен, өз мақсатына жетті. Жоғары бағалауға әбден лайықты.

Қазақстандағы ММА – дың басты жұлдызы-Жалғас Жұмағұлов. Ол әр жекпе-жегінде өзінің қайсар мінезін көрсетеді. Ол әлі бір жылдан артық өнер көрсеткен жоқ, бірақ маңызды жеңіске жетті. Жалғас Али Багаутиновты жеңді. Әрине, дәл қазір Али өз бабында емес. Фильм түсіріп жүр, оған октогонның не керегі бар? Өзінің наразы пікірлерін жиі айтады. Жаконың жеңісі әділ.

Зубайра Тухугов: Исмағұлов мен арқылы атын шығаруды көздейді

Дәурен Ермеков: Шайқас майданына шыққанда екі есе жігерлене түстім

Дамир Исмағұлов қазақстандық бапкердің қол астында жаттығуда

Сергей Морозов: Дәурен Ермеков жекпе-жекке жоспарды керемет орындады

Нурмагомедовтың әкесі АҚШ-қа бару үшін Қазақстаннан көмек сұрады