Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) 2020 жылға мақсатын айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

- 2020 жылы тек чемпиондармен жұдырықтасқым келеді, - деп жазды боксшы Twitter-парақшасында.

10 қарашада Жәнібек Әлімханұлы канадалық Альберт Онолунозаны (24-3-1, 8 КО) нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO Global және WBC Continental America титулдарын сәтті қорғап қалды. Жекпе-жек Калифорниядағы Фресно қаласында өтті.