Петропавлдық «Қызыл-Жар СК» өткен маусымда команданың бас бапкері болған Али Алиевпен жаңа келісімшарт жасаспайтын болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы солтүстікқазақстандық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2019 жылдың 1 желтоқсанында «Қызыл-Жар СК» бас бапкері Али Алиевтің келісімшарт мерзімі аяқталды. Өзара келісім бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастықты жалғастырмайтын болып шешті. Клуб бапкердің атқарған үлкен жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы қызметіне сәттілік тілейді!

Жаңа бас бапкер командаға және көпшілікке 11 қаңтарда таныстырылады», - делінген клубтың ресми хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы маусымда «Қызыл-Жар» СК Бірінші лигада чемпион атанып, 2020 жылы Премьер-лигада ойнау мүмкіндігіне ие болды.