Қызылордалық «Қайсарда» ресейлік қорғаушы Алексей Шумских қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, футболшы команданың Анталияда (Түркия) өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қосылды.

29 жастағы Алексей Шумских 2018 жылдың жазынан бастап Ресейдің екінші лигасында бақ сынайтын «Томи» сапында доп теуіп жүр. Осы аралықта ол 45 матчқа қатысып, 4 гол соққан.