Қазақстандық футболшы Сергей Хижниченко еңбек келісімшарты аяқталуына байланысты «Астана» футбол клубымен қоштасты.

Хижниченко «Астана» сапында 2010 және 2019 жылғы маусымдарда өнер көрсеткен. Екі маусым барысында 30 кездесуге қатысып, 6 гол соғып, 1 нәтижелі пас авторы атанған.