«Астана» футбол клубының қақпашысы Александр Мокин еңбек келісімшарты аяқталғаннан кейін клубтан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz нұрсұлтандық команданың ресми сайтына сілтеме жасап.Мокин «Астанаға» 2016 жылы ауысып келіп, үш жыл ішінде үш рет ел чемпионы атанды. Александр үш жыл ішінде еурокубоктық ойындарды қосқанда клуб сапында 58 матч өткізді.

«Астана» футбол клубы Александр Мокинге командада өткізген жылдар үшін алғыс білдіріп шығарып салды.