Қостанайлық «Тобол» жартылай қорғаушы Максим Фединмен келісімшартқа қайта қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншының командамен жаңа келісімшарты бір жылға - 2020 жылдың соңына дейін жасалған.

Айта кетейік, футболшы 2018 жылдың наурыз айында «Жетісуға» қарсы ойында алғаш рет алаңға шықты. Максим қостанайлық команда сапында 73 матчқа қатысып, 11 гол соқты.