Әлеуметтік желілерде "Ақтөбе футбол клубының негізгі және қосалқы құрамына ойыншыларды іріктеу жүргізіп жатқандығы туралы хабарландырулар тарауда, деп хабарлайды prosports.kz ақтөбеліктердің вк- группасына Ақтөбе ФК сілтеме көрсете отырып.

Барлық үміткерлерді алғашқы алдын-ала іріктеуге шақырамыз делінген хабарландыруда. Бірінші іріктеу кезеңі 2020 жылдың 9-14 қаңтар аралығында Ақтөбе қаласында өтеді.

Қазақстанның кез-келген аймағынан , алыс жақын шет елдерден болсын ұсыныстар қаралады деп хабарлайды клубтың баспасөз хатшылығы.

Естеріңізге салатын болсақ "Ақтөбе" футбол клубы премьер-лигадан ұшып кеткен болатын. Енді келесі маусымда бірінші лигада өнер көрсетеді.