Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері чехиялық маман Михал Билек Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz өзбекстандық Ферғана басылымына сілтеме көрсете отырып. Жолдастық кездесу 26 наурыз күні Ташкент қаласында өту керек болатын. Михал Билектің айтуынша азиялық командаларға қарсы ойнаудан пайда жоқ. Себебі Қазақстан құрамасы Еуропалық жарыстарда өнер көрсетеді.

Өзбекстан құрамасы Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуден бас тартқан соң 26 наурызда Армения құрамасына қарсы ойнайды.