Волейболдан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасы Алматыда дайындықтарын пысықтауда.

Оқу-жаттығу жиынының мақсаты - келесі жылы Қытайда өтетін лицензиялық турнирге тыңғылықты дайындықпен бару. Жаттығу жиынында волейболшылар үшін арнайы бағдарламалар бекітілген.

Айта кетерлігі, квалификациялық турнир 2020 жылы 7 қаңтар мен 12 қаңтарға дейін Қытайда өтеді. Токио Олимпиадасына бір жолдама ойнатылатын додаға қазақстан құрамасы да қатысады. Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Қытай, Иран және Тайбеймен кездеседі.