«Астана» президенттік баскетбол клубы Алматы маңында Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты жаңа жылдық жанкүйерлермен кездесуін кейінге шегерілетінін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

- «Астана» Президенттік баскетбол клубы Алматы облысында бүгін таңертең болған ұшақ апатынан қаза болған азаматтардың туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қайғыларыңызға ортақпыз. Барлық зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілейміз.

Ұшақ апатынан қайтыс болғандарға арналған ұлттық аза тұту күніне байланысты, команданың 28 желтоқсанға жоспарланған жанкүйерлермен кездесуі 29 желтоқсан жексенбіге ауыстырылды. Өтетін уақыты сағат 13:00-де», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.