Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) 2019 жылдағы спортшылардың соңғы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

Жекелей сындағы рейтинг қорытындысы бойынша қазақстандықтардың ішінен ең жоғарғы көрсеткіш Юлия Путинцевада. Юлия 1460 ұпаймен 34-ші орынға тұрақтаған.Елена Рыбакина бір саты төмендеп, 37-ші сатыға жайғасса, Зарина Дияс 775 ұпаймен 77-ші орында.

Әйелдер арасындағы рейтингті австралиялық Эшли Барти бастап тұр. Екінші орында чехиялық теннисші Каролина Плишкова, ал үшінші орында Жапония өкілі Наоми Осака.

Жұптық өнер көрсету бойынша тек Галина Воскобоева үздік жүздік қатарына кіріп тұр.